Жаңа маусым!!!

Құрметті "Таңшолпанның" таң дидарлы, патша көңілді көрермендері! Сіздердің сүйікті таңғы бағдарламаларыңыз жазғы демалыс пен Рио Олимпиадасы кезіндегі кішігірім үзілістен кейін қайтадан Ұлттық арнаның таңғы эфирінен жарқ етеді! Бұйырса, ертең, тамыздың 23 күні таңдарыңызды "Таңшолпанмен" бірге қарсы алыңыздар! Сіздер білетіндей, біздің шығармашылық ұжым Сіздерді қатты жақсы көреді және көңілдеріңізден шығу үшін бар күш-жігерлерін аямай еңбек етеді. Біз үшін жаңа маусым - үлкен мереке! Сіздер үшін де солай болуы үшін әріптестерім жатпай-тұрмай еңбектенуде. 

Жаңа маусымда сіздердің назарларыңызға тың жаңалықтар, түрлі тосынсыйлар, күтпеген өзгерістер мен таңқалдырар жайттар ұсынылатын болады! Тұрақты, сүйікті көрермендеріміз - Құлсарыдан - Дүйсәлі, Жаңақорғаннан - Ерубай, Алматыдан - Сәуле, Мойынқұмнан - Бекмұрат сынды аға-апайларымыздың қатары артып, Шер-ағаның қазаққа аманаттаған Таңшолпаны талайдың жүрегіне сәуле, ойына шапағат төксе екен деген үмітіміз бар... 

Біз сіздерді жақсы көреміз! Эфирде жүздескенше, жақсылар!!!

Liked
402