Табыс жайлы қағида

Табыс тақырыбын қозғай келе, тағы мынадай бір- екі қағиданы еске түсіргім келеді. "Анау бір адам мынаны жасап жатыр екен, мен де жасайын", "Мына адам мынаған қол жеткізіпті, мен де алайын" деген табысқа мүлдем қатысы жоқ. ТАБЫС - КӨҢІЛДІҢ ҚАНАҒАТЫ. Ал өзіңді басқа біреулермен салыстыру, олардың я материалдық, я рухани жетістіктерін қызғану - барып тұрған көреалмаушылық. Ол, керісінше, адамның өмірін тас-талқан етеді. Жүгін ауырлатады. Пешенесін қиындатады.

Сондай сезімге бой алдырып бара жатсаңыз - сіздің ағзаңыз бен санаңызды ауру мекендегенін біліп жүріңіз. Ал, ол аурудың шипасы біреу - өз-өзіңізді қолға алып, бұл өмірде нені мақсат тұтқаныңыз жайында сәл де болса, ойлану. 

Естеріңізде болсын, көреалмаушылық кекпен алмасады. Кек - жойқын жоюшы күш! Ол - санаңызды мекендесе, амал-ниетіңізді бағыттай алатын мүмкіндікке ие болады. Ал содан кейін, сөзіңіз бен ісіңізге қожайын сіз емес, көреалмаушылық пен кек сезімі болады.

ПыСы:  Мен Сіздің табысты болғаныңызды қалаймын! 

288