Жаңа маусым тәтті басталып жатыр!

      Иә, "Табыс сыры" бағдарламасының жаңа маусымы тәттіден, бал өндірісінен басталып жатқаны рас. Осы бағдарламаны түсіру барысында еліміздегі омарта шаруашылығының шығу тарихы, шоғырлану аймағы туралы көптеген ақпаратқа қанықтым.  1786 жылы Өскемен бекінісінің коменданты Николай Федорович Аршеневский Киевтен 12 омартаны алдырады. Содан бастап Қазақстан және Сібір жерінің омарта шаруашылығының тарихы басталған екен.. Ал 1848-1850 жылдары  омарта шаруашылығы еліміздің оңтүстігіне қарай ойысыпты. 

      Біз  ат басын тіреген компания " Sun-Bee Altai" деп аталады. Бұл  компания бал өндірісін жолға қойған  өңірдегі ең озық кәсіпорын. Озық дейтін себебім, кәсіпорында шведтік, даттық, украиндық жоғары технологиялы қоныдырғылар израильдік өңдеу технологиясы бойынша жұмыс істеп тұр. Жылына 2000 тонна өндіре алатын кәсіпорын әзірге 200 тонна ғана өндіріп тұр. Жұмыстың мұндай жүктемесі балға деген сұраныстың төмендігімен түсіндіріледі.  Изриальдік технология бойынша жұмыс істейтін кәсіпорын балдың термоөңдеуден өткізеді. Ондағы мақсат балдың ұзақ уақыт кристалданбауын қамтамасыз ету. Себебі  табиғи бал белгілі бір уақыттан кейін кристалданып,  қоюланады. Бұл оның физикалық күйі. Демек балды таңдауда осыған мән берсеңіз болады. Термо өңдеуден өткен бал суытылып құтыларға, ыдыстарға құйылады. Кәсіпорында 10 граммнан бастап 1 кг дейінгі қаптамалар мен ыдыстарға құю мүмкіндігі бар. Мұның барлығы әрине, автоматтандырылған қондырғыларда жүзеге асады.  Әртүрлі ыдыстарға құю ең алдымен тұтынушыға ыңғайлы  болу мақсатында ұйымдастырылған. Әркім өз қалтасына қарай қажетті көлемдегі  балды сатып алады. Ал осының барлығын ұйымдастырып отырған Еелена Терещенко деген жас келіншек. 23 тамыз сағат 17.55-те шығатын бағдарламамыздың кейіпкері де осы кәсіпкер. 

    Сөз соңында табиғи таза балды қалай ажыратуға болатыны туралы бірер сөз. Бірден айтам біз оны ажырата алмаймыз. Оны күнделікті дәмін көріп жүрген омарташылар ғана айыра алады..  Десе де, басшылыққа алатын бір нәрсе бар. Таза балдың дәмі бал арасының жайылған гүліне байланысты. Бал арасы қарақұмық (гречка), күнбағыс, қурай, жантақ т.б. жайылуы мүмкін. Әр гүлден алынған балдың түсі де дәмі де әртүрлі. Ең бастысы балдың дәмі жұмсақ болады. Балдың дәмі өткір тәтті болуы екіталай. Мұндай балды кездестірсеңіз онда секем алғаныңыз жөн. Және ең басты басшылыққа алатын нәрсе оның физикалық күйі. Яғни жоғарыда айтқанымыздай біраз уақыт өткен бал міндетті түрде қоюланады. Бұл басты ерекшелігі.  Ал егер мұның барлығына мән беріп тұратын уақытыңыз болмаса, біздің бағдарламаны бір көріп "Sun-Bee Altai" өніміне таңдау жасаңыз. Қанша  дегенмен отандық өнімді қолдағанымыз дұрыс. Әйтпесе, Ресей, Украинада да келіп жатқандары жетерлік. Отандық өнімді тұтыну өзіміз үшін де, ел экономикасы үшін де тиімді айтапаса да түсінікті шығар. 

       Жалпы жаңа маусымда "Табыс сыры" бағдарламасы еліміздің түкпір-түкпіріндегі əртүрлі саладағы жаңа, үлкен, тұңғыш саналатын кəсіпорындар мен кəсіп иелерін түсірмек. Қапы қалмаңыздар! 

     

384