Бекболат Тілеуханның айтқаны дұрыс па, əлде "Протон ба" немесе тақырыпты дұрыс таңдау

Біріншіден, қисық суретке мəн бермеңіздер, "прикрепить" деген сияқты нəрселерге келгенде "чайникпін")))

Ал енді негізгіге көшейін!

Жақсы журналисттің бір басты белгісі бар. Ол-тақырыпты дұрыс таңдау! Парламент немесе Үкімет отырыстарында( бұрын біздер Үкімет отырыстарына қатысатынбыз, қазір Үкіметке журналистерді шақырмайды) өзге де конференцияларда "бəленбай" тақырып көтеріледі. Құдай-ау миың жарылып кетердей көөөп мəселе. Журналист жұмысының қиындығы осы жер. Жəне оның шеберлігі де осы жерде көрінеді.

2007 жыл 31-арна "Информбюроның" Астанадағы меншікті тілшісімін. Астана бюросындағы қазақ редакциясының жалғыз журналистімін. Ерлан Атамбай мен Нұрбол Қапешовтар кеткеннен кейін, бұл орындарға үш айлық стажировкадан аман-есен өтіп жұмысқа қабылдандым. Екінші орын əлі бос. 7 ай бойы бастықтарым мені "жүгіртті-ау" жалғыз. Жұлдыз Төлеу жұмысқа қабылданғанда ең бақытты адам мен болған шығармын))).

Сонымен 2007-жылы Мəжілістегі кезекті съемкалардың бірінде жүрмін. Мəжіліс отырысында алдымен бітіп болмайтын заң жобалары кейін депутаттық сауалдар қаралды əдеттегідей. Шығып холлда тұрғанда  орыс редакциясының журналисті жəне біздің филиалдың бастығы Дана Рысмұхамедова :-" Гүлназ, что ты выдашь?" деді. Яғни ана қырғын ақпараттан нені таңдадың, эфирге нені ұсынасың дегені. Мен :-" Бекболат Тілеуханның қазақ тілнің бүгіні жайлы депутаттық запросын" дедім. Дана:-" Но, Протон же важнее чем казахский язык" деді. МЕН ДАНАҒА ҚАТТЫ РЕНЖІДІМ. Ішімнен "əрине, қазақ тіліне жаныңыз ашымайды ғой, содан ғой бұлай айтуыңыз" деп ашуланып тұрмын. Сонымен мен редакцияға келіп Бекболаттың сауалын сюжет қылып берді деп ойласаңыздар қателесесіздер! Мен "Протонның құлауын"сюжет қылып бердім. Ал қазақ тілінің жай-күйін ЗКТ-СНХ  етіп жаздым.

Мені кім үгіттеді? Ешкім де. Ендеше ренжіген адамыңыздың айтқанын неге істедіңіз? Осы сұрақ туған болар сізде. Əңгіме мынада. Мен ол кісінің тəжірибелі екенін білемін, мен ол кісінің мықты журналист екенін білемін. Бір сөзбен айтқанда профессионалдық тұрғыда мені ол  "он орайды". Сол себептен мен "менікі дұрыс" деп ақымақтыққа салмай, ақылға салдым. Əрине ол ақыл бірден келген жоқ)). Біраз ойланып, сараптау үшін уақыт кетті. Ақымақ басымды ойлана келге жөнге салдым)).  Дананікі дұрыс еді.

Енді талдайық. Неге? 

Əрине, қазақ журналисті үшін тіл мəселесі арың мен жаныңның жанды жері. Сондықтан мен тіл мəселесін сюжетімде қозғағым келді. 

Бірақ ақпараттық принципке салсақ "Протонның құлауы" өзектірек. 2007-жылы Жезқазғанның жанында ракета құлап өте улы гептил төгілді. Ал мəжілісте сол күні осы проблеманы қалай шешеміз, не істеуіміз керек деген сұрақтар қаралды. Ендеше бұл халықтың тағдыры ғой. Ұрпағың уланып жатса, тілің де жоқ болмай ма? Демек журналист ретінде мен актуалды дүниені таңдауым керек. Сол "Протон" оған дейін де, одан кейін де бірнеше рет құлады.

1999 жыды Қарағанды облысында екі рет.

2007 жылы Жезқазған маңы. Тағы да Қарағанды облысы ғой.

2013 жылы Байқоңырда. 

Бұлар енді бөлек əңгіме....

Қысқасы, мен осылай үйрендім. Осылай жетілдім маман ретінде. Жасы үлкеннің айтқанының бəрі дұрыс бола бермейді əрине, бірақ  айтары бар ұстазды тани білу керек. Мен сондай жандардан іздеп жүріп "білім алуға" тырыстым. "Менікі дұрыс"деген бос амбиция сені өсірмейді, өшіреді. 

Сол орыс редакцясында Данадан жасы кішілеу Əділхан Шайков деген журналист болды. Мен оның да тақырып таңдау, жазу стилін өзімнің миыма түйіп отыратынмын. Бірақ екеуміз көп сөзге келіп қалатынбыз. Ол мені ойын-сауық бағдарламасын жүргізіп жаңалыққа кеше келген қыз деп менсінбейтін))). Сонысын тіке айтпаса да, көрсетіп қалатын. Бірақ мен оның менен мықты екенін түсінемін. Сондықтан да адам ретінде көңілім толмаса да маман ретінде мойындайтынмын. Білмегенімді сұрауды ар санамайтынмын. Адам мойындай білу керек мықтыны!

Ізімнен ерген жастарға кездесулерде,  өткізетін семинарларымда үнемі "мықты ұстаз таңдай білің" деп кеңес берем. Мен жазу стилімді қалыптастыруға "əдістемелік құрал" болған осы екі журналистке іштей əр кез алғыс айтып жүрем. Бірақ олар менің "сырттай ұстазым" болғандарын білген жоқ.))

2007 жыл. 31-арнаның "Информбюросына" жұмысқа тұрғаныма əлі бір жыл болған жоқ.

 Дана Рысмұхамедова мені бір съемкаға жіберейін деп жатыр. Мен "Дана, қолымда маникюрім жоқ, жасап келіп барайыншы, əйтпесе тырнақтарым жаман болып тұр" дедім. Дана өзіне тəн байсалдылықпен сəл ғана жымия:- "Гүлназ, забудь о маникюре, новости тебе не развлекательная передача" деді. Мағынасы осылай болды, сөзбе-сөз есімде жоқ. Қысқасы, Дана үшін де мен ол кезде əлі "девочка из развлекательной передачи" едім. Шикі журналист немесе.

2016 жыл. 

Дана Рысмухамедова :-" Гульназ ты только  с виду гламурненькая, но в душе настоящий журналист". 

Демек, ұстазымның  емтиханынан өттім. Журналист болып зыр жүгірген жылдарым босқа кетпеді. Ендеше жастар, сіздерге де "Бекболат Тілеухан ба, əлде Протон ба?" дегенде ой салатын мықты ұстаз жолықтыруды тілеймін. 

 

Liked
487