АЙНАЛАЙЫН БАЛАДАН, ТАУЫП АЛҒАН ДАЛАДАН

Жазғы демалыс осымен бітті. Жаңа маусымға дайындық, қызу жұмыс басталды. Түсіру тобы іс сапарда жүр. Елді араласаң, түрлі қызықты көресің ғой. Айтар әңгіме өте көп. Бірақ, осы сапардан 3 айлық нәрестенің тағдыры есте қалатын шығар. Тал түсте әжетxана маңынан шырылдаған баланың дауысы естіледі. Үй иесінің зәре-құты қашып, жүрегі зу ете қалады. Сәбидің шырыл қаққан үніне кім шыдап тұра алады?! Жылдам жүріп, қолына алып қарағанда тәп-тәтті қызды көріп, еріксіз бауырына басқан екен. Дереу жедел жәрдем шақырып, ауруxанаға жеткізген. Сол жерден сәбилер үйіне өткізіледі. Өмір есігін енді ғана ашып, аузынан ана сүті кетпеген шарананың жетімдер қатарына қосылуы қандай қасірет?! Баланың қазіргі жағдайы, тәрбиеші аналардың еңбегі қыркүйектің 9-нда "Жан жылуынан" көрсетіледі. Нәрестені бауырына басып, өз қызындай көріп, мәпелеп өсіретін ата-ана табылар деген үміттеміз. Бір перзентке зар болған жұптарға қуаныш сыйласақ, мақсаттың орындалғаны. Әрбір аптаның қасиетті жұма күнінде жоқ-жітікке қарайлап жүруге, ата-ананы қадірлеп, барыңды бағалай білуге шақыратын біздің xабарды көріп жүріңіздер!

Liked
416