Күліп жүрсең, өмір де саған күле қарайды!!!

  468

Көп жағдайда жымиып жүрген адамды көрсек, бірден жақсы адам сияқты күліп жүреді екен, түсі жылы екен деп жатамыз. Қалыптасқан стереотип. Келін түссе де аналарымыз, келіні жақсы екен, түсі жылы, күліп тұрады, түсі жылыдан түңілме деп, болашағын топшылап қояды. Тіпті үйдегі бұзығыңыз бір нәрсені бүлдіріп алып, алдыңызда томпиып күліп тұрса, қалай ұрсасыз? Міне, мұндай мысалдар жетерлік, қандай жағдай болса да күлімсіреп жүру керек. Ол денсаулықты да жақсартады, депрессия деген мүлдем сізден айналып қашып кетеді, иммунитетіңіз тосыннан келген түрлі ауру сырқауға соққы беріп, нокаут қылады. Айналаңа жақсы көңіл күй сыйлап, нұрын шашқан күндей күлімсіреу сізді талай тығырықтан алып шығары сөзсіз. Шынайы күлу - сізді шынайы бақытқа жетелейтінін естен шығармаңыз!!!  Көңіл күй көтеру үшін:Баяғыда екi жынды аялдамада автобус күтіп тұрыпты. 

Бірінші жынды:
- Сен қандай автобусты күтіп тұрсың? - депті.
Екінші жынды:
- 5-ті, ал сен ше? - депті.
- Мен 8-ді күтіп отырмын, - депті.
10 минуттан соң 58-ші автобус келіпті. Сонда екеуі бір-біріне:
- Ооо, жақсы болды ғой, бiрге баратын болдық! - дептi )))   Ал мен автобус күтпей, екі аяққа сеніп, түскі асқа кеттім !!!  

127
comments powered by HyperComments