Сыр

  341

Сыр

Мен әдемі болсын десең,

Сен күлуден жалықпа.

Тағдырыма көнсін десең,

Көкте еркін шарықта.

 

Мен бақытты болсын десең,

Сен бақытсыз болмағын.

Ерлігімді көрсін десең,

Еркелетіп қорғағын.

 

Мен кіршіксіз сүю үшін,

Сен сезімге дақ салма,

Өр басымды ию үшін,

Қонба өгей бақтарға.

 

Мендік көктем көңіл үшін,

Сен сыйлай жүр гүліңді.

Сары алтындай сенім үшін,

Қадірлей бір құныңды.

 

Мен сертімді бұзбау үшін,

Сен сағынба өзгені.

Қате сурет сызбау үшін,  

Сырымды оқы көздегі...

Liked
129
comments powered by HyperComments