Жаңа маусым – жаңа серпін

Конституция күніне орай, 2016 жылдың 30 тамызында бір күн  демаламыз! «2016 жылғы Қазақстан Республикасының мерекелік және демалыс күндері» күнтізбесіне сәйкес, бұл күн демалыс күні болып саналады. Биыл Конституция күні аптаның сейсенбі күніне түседі, ал дүйсенбі, 29 тамыз жұмыс күні болғандықтан Қазақстандықтар 27, 28 тамыздағы әдеттегі демалыс күндерінен бөлек 30 тамыз күні демалады.

 Алдымыздағы келе жатқан апта, жаңа ай, күзді бастап келуімен қатар, жан-жақты ресми және маңызды іс-шараларға толы.

29 тамыз дүйсенбі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына байланысты «Ядролық қарусыз әлем» атты халықаралық конференция өтсе, 30 тамыз Конституция яғни Ата заңымызға 21 жыл толады. Ал, 1 қыркүйекте ше?

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин Конституциямыздың 58-бабы 4-тармағаның 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2016 жылғы 1 қыркүйек сағат 11-де Астана қаласына шақырылуы туралы Өкімін жариялады. Сондай-ақ, 1 қыркүйек – Білім күні! Бұл күні еліміздің мыңдаған жастары мектеп, университет табалдырығын жаңадан аттайды...

 Ал мен үшін, жайбарақат тыныш маусымның соңғы күндері өтті деген сөз. Жыл сайын барлық БАҚ журналистері, әріптестерім жаңа маусымның ашылуына дайындалып, қызметтеріне демалыстан кейінгі жаңа серпін, жаңа леппен келіп жатады. Ресми орындар да қызу жұмысына кіріскенде, күнделікті эфирге шығатын Радиошолудың да айтары молаяды деген сөз. Олай болса, жаңа маусымнан ел мерейін үстем ететін аса маңызды, әлеуметтік жаңалықтарды тыңдайсыздар!

Барлық әріптестеріме іске сәт!

Кеше Астанада Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері төбесі ашық кабриолет көліктерімен кортежде «Бәйтерек» монументінен «Қазақстан» орталық концерт залына дейін шеру жасап өтті. Салтанатты түрде қызыл кілем үстімен жүріп өткен Олимпиадашыларымызды Орталық концерт залы алдында астаналықтар мен Астана қонақтары зор қошеметпен қарсы алды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы салтанатты шарада Рио Олимпиадасының чемпиондарын екінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Елбасы қолынан жоғары награданы Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин мен Нижат Раxимов алды. Елбасы бұл орденді Олимпиаданың күміс жүлдесін алған Василий Левит пен  Әділбек Ниязымбетовке де тақты.Мына сурет осынау игі шарадан естелік еді.

 

263