Өмір-кеме, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз

Өмір-кеме, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

                                                                      Әбул-Хасан Рудаки

      

Кейде біз:  - Күн өте тез өтіп жатыр,-деп таңырқаймыз. Бірақ, күн емес, өмір өтіп жатқандығын соңынан түсінеміз.Тамылжыған тамызды аяқтап, күрең күзді бастап кірген тағы бір жаңа аптаға қадам жасадық. Басқа күндері жұмыс бабындағы әр түрлі іс-шара, кездесулермен өтеді де кетеді. Ал жексенбі...

Жексенбі бұл-тек жұмыстан демалу ғана емес, пәлсапалық ойға беріліп, санадағы қиялдың іркілмей еркін көсілуіне, жария болуына берілетін бір мүмкіндік сияқты.

Демалысты жоспарлы ойға айналдыру да, ойлану арқылы демала білу де өнер.

Дүйсенбі. Жаңа апта жемісті болғай!

Liked
498