Жаздын соңғы күнi жарық әлеммен қоштасқан ханшайым

  235

Дәл бүгiн 31 тамыз 1997 жылы Уэльс ханшайымы Диана (Фрэнсис Спенсер) Доди аль Файедпен бiрге Парижде көлiк апатынан көз жұмған күн!Чарльз ханзаданың,британдық тақ мұрагерiнiң жары, халық арасында қайырымды жан, Ди ханым болып танылған Диана-тарихтағы ең ұлы британдықтар тiзiмiнде үшiншi орында тұр.
Небәрi 36 жыл ғана ғұмыр кешкен Диананың Конституция күнiне арналған демалысымды пайдаланып, 2013 жылы түсiрiлген "Диана: Махаббат тарихы" атты фильмiн көрiп шықтым.Әсерлi екен. Барлық дүние мүлкi, жағдайы, отбасылық бақыты, жалпы төрт құбыласы тең бола тұрса да, оның жаны өзгеше еркiндiктi калағандай. Жаратқаннын мейiрi түскен жандардың жүрегi калайтын жан тыныштығын ол да аңсап, өткенiн аңғарғандайсың. Тiптi, мұсылман дiнiн қабылдауға да дайын болғанын көрiп, батылдығына тәнтi болдым.
Замандас талай арудың Ди ханшайымның өмiрiне кызығып, танымалдылығын армандап, ансайтындықтары туралы деректі фильмдерден талай естiп, куә болған едiм.
Торда қамалған торғайдай боп, кең дүниеде жанының сығылып, сыймай кеткенiн осы өмiрбаяндық фильмiн көре отырып, түсiнгендей болдым. Қандай аянышты едi. Көңiл күйiмдi түсiрiп,терең ойға жетеледi жансыз фильмдегi бейнесiнiң өзi...  Диана ханшайымның жаны тiрi, темiрдей мыкты болғандығын киносындағы бейнесінің өзi жеткізеді.

77
comments powered by HyperComments