ТҮЙДЕК-ТҮЙДЕК ОЙЛАР ҒАНА...

Қарнымды ашытатын жағдайлар болады. Қарап, тыңдап отырамында қалжырап қаламын. Тағы да жастар. Бірақ барлығына топырақ шашпаймын. Ішінара бар ондайлар. Ендеше жөнімен жеткізейін. Алдымен тойларда тілек айтқыштар турасында. Өмір көргендей көсіле сөйлеп, кеңес беріп кердеңдеп қалатындарын қайтерсің, сірә. Өздері студент немесе үйленбеген «кішкентай кісілер» былай дейді: «Пәленшебек пен Түгеншегүл бақытты болыңдар. Ер-азаматыңды сыйла, ата-анасын сыйла. Екі жаққа бірдей қызмет етіңдер. Үлкен кісілердің үмітін ақтаңдар. Солай-солай...» АЙТЫҢЫЗДАРШЫ, ЖАС ШАМАСЫНА САЙ МА??? Кейінгілері шежірешілер. Руды айтып, жүзді жіліктеп жөн сілтейді кеп. Олардыкі тілек емес тараған тегін таныстыру, тойшыл қауымға мақтанып қалу. АРТЫҚ СИЯҚТЫ СОЛАЙ МА? Айтпағым орнымызды біліп, ортамызды бағамдап жүрейік, ағайын. Бұл маңызды.
426