Өзгеге еліктемей, өзіңнен баста!

Мен толеранттылықты қолдаймын! Ұлт бірлігі - ел байлығы. Ал қазақ қашанда бауырмалдылығымен танымал. Дегенмен, өзге ұлтты қадірлеу - өз ұлтыңның абыройын аяққа таптау емес! Өз ұлтының өткені мен бүгінін бағалай білмеген кісінің ұлттың ертеңі үшін де елеңдеуі екіталай. Яғни, ел басына күн туса (бетін аулақ етсін əрине), ондай жандардың бас сауғалап қашуы немесе күштінің көлеңкесін ықтауы ықтимал. "Бір қарын майды шірітетін бір құмалақтар" қай ұлтта болмасын баршылық. Сатқындық, пасықтық, екіжүзділік, жылпостық, жағымпаздық секілді т.б. жағымсыз əрекеттер ұлттың ерекшелігін білдірмейді. Ол тек жеке адамның алған тəрбиесі мен өскен ортасының ықпалы. Сондықтан, "іріген ауыздан шыққан шіріген сөздің" жетегіне ермей, өз басымызға ие болайық! Өзіміз көпке үлгі болайық! Мен ұлттық нақышты күнделікті қолданысқа енгіздім. Яғни, оны жылына бір рет, тек айтулы мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде пайдалану - менің ұстанымым! Ендеше, өзімізден бастайық!
Liked
292