Ғашық болғым келеді

  457

Ғашық болғым келеді адамдарға,
Сыйласа бір қүдірет маған да Алла.
Өкпелетіп аламыз, өкпелейміз,
Түсінісу дегенге шараң бар ма ?!

Ғашық болғым келеді, ғашық болғым,
Аялауға адамды асық болғым.
Тазалығын, ары мен адалдығын,
Жыйып алып дегенге: тасып-толдым!

Ғашық болғым келеді пәктігіне,
Адамның адамдардан жаттығы не?
Абайсыз да қаламыз араздасып,
Болған соң қу тіршілік басты мүдде.

Ғашық болғым келеді үміттенгім,
Әр кішкентай өмірге күліп келгім.
Қолына жүрегі бар адамдардың,
Жүрегімді келеді жұлып  бергім.

122
comments powered by HyperComments