Балалық асау арманға ешкім де, ешнәрсе де тұсау бола алмайды

Бала кезімізде үйде әкемнің жеке кітапханасында "Парасат" деген қалыңдау, сырты көк журнал болатын. Тарих, әдебиет, мәдениет, өнер, руханият сынды мәселелер көтерілетін осы бір журналды мен сол мектеп кезінде қызыға оқитын едім. 
Бір күні әкемнен: "Осы журналға адамдар жазбаларын қалай береді?"- деп сұрадым. Сонда папашым: "Ертең сен үлкен ақылды қыз болғаныңда көөөп жазу жазасын. Ойдан әңгіме құрастырасың. Сенің әңгімелерің адамдарға ұнайтын болады. Сосын журналда жұмыс істейтін ағалар мен апалар Балқаштың (әкемнің аты) қызы сондай ақылды, өзі мектепте де үздік оқиды, жазуы да жақсы деп, сені Парасатқа жұмысқа алады. Одан кейін мынандай мақаланың астында Клара Ермағамбетова деп сенің фамилияң тұрады" деген еді. 
Әкешім менің журналист болғанымды қалайтын. Мінезі бірбеткей, ертең біреу өлтіріп кетер деп мамам менің журфакқа барғаныма қарсы болатын)). Бірақ, балалық асау арманға ешкім де, ешнәрсе де тұсау бола алмайды екен)))
Иә, Парасатқа жұмысқа орналасқан жоқпын. Бірақ, Фейсбук әлеуметтік желісіндегі көңілі дархан, жанашыр бір ағаға жазбаларым ұнап, (мені тегтемей-ақ қойшы деп еді) кеше менің фамилиям осы журналда басылды. Бала арман, бал арман орындалды! Жүрегім лүпілдеп, эмоциям әлі басылар емес. Әсіресе, ауылға жетіп: "Папа-ау, Балқаштың қызы ақылды үлкен қыз болды! Көрдің бе?!" - деп, әкеме журналдың осы санын ұстатқанша енді маза жоқ)))
ПыСы: Менің барлық әңгімелерімнің редакциялануына, үшкір түстарының дұрысталуына қолғабыс етіп, көмегін аямайтын өзімнің ағам, мықты журналист Nurlybek Dossybay -ға таудай рахмееет!

 

376