"Рысбай видик" немесе бұрынғы телесериалдар

  860

Ауылымызда шағын кинотеатр бар еді, балалық шағымыздың балдәурен кездері, "Зита мен Гита", "Кинконг", "Танцор диско"-ның дәуірлеп тұрған кезеңі. Қазіргі кездегідей заман қайда?!!!!! (деп қояйыншы апаларым сияқты))) Ауыл жастары айына, аптасына бір келетін киномеханикты асыға күтеміз. Орталықтағы "Сегодня кино" деген темірден жасалған тақтайшаға қайта қайта барып телміреміз. Қашан келіп хабарландыру ілінер екен деп...Мен ғана емес-ау суға барған барлық ауыл жастары орталықтағы тақтайшаны  бір қарайлап кететін. Ал кино көруге бір апта қалғанда хабарландыру ілінеді. Барлығымыз мәре-сәре боламыз, "тойдың болғанынан-боладысы қызық" демекші, үй жинап, ауланы көшеге дейін су сеуіп сыпырып, барлығын тазалап, киімдерді жуып құдды бір комиссия келетіндей дайындық басталып кетеді. Ол дайындықтың барлығы - ата-анамыздың рұқсатын алып,  киноға бару үшін жасалып жатқан дүниелер. Шіркін сол кездегі саясатты айтсайшы, анамыз да көрпешелерді қақтырып, әшейінде қиқаңдап жалқаулық танытатын барлық тірлікті жасатып алатын. ең ақыры анам да мәз, киноға жібергеніне бізде мәз болып, мәре-сәре болып ағаларымыз қасымызда оққағарымыз болып киноға барамыз. Киноны қоятын ағайымыз киномеханигымыздың аты -Рысбай болатын. Киноның дәл ортасына келгенде пленкасы күйіп кете ма , экран быз-тыж болып көрсетпей қалады, залдағы отырғандардың барлығы Рысбай видик, Рысбай видик деп айқайлап шулап қоя береді. Аз мәз үзілістен соң қайта киноны үзілген жерінен жалғастырып көре бастаймыз. Сөйтіп киноны аяқтап, алған әсерімізбен жол жөнекей бөлісіп, үйге қайтамыз. Сол Рысбай видик деген сөздер санамызда бала күннен жатталып қала берді. 

     Бертін келе, теледидардан мексикалық "Никто кроме тебя" деген сериал көрсетіле бастады, үйдегі "Рассвет" деген теледидарымыздың мінезі шатақтау еді, кей кезде көрсетпей қалып, сериалды көршілердің үйінен барып көретінбіз. Біз емес әрине, шұбырлаған бір үйдің алты баласы кино көруге қайта қайта көршіңе жүгіре бермейсің ғой, барлығымздың атынан анам барып көріп келетін, сосын үйге келгесін барлығымыз анамызға "Рысбай видик" деп айтамыз, анам шай жасап дастархан басына барлығымзды жинап алып киноны айта бастайды. Анамыз кино айтқаны соншалық  сол сериалдың ішінде жүргендей әсерде отырамыз. Ана Максимлянь деген өйтті, Антонио Ракелді ренжітті деп бүге-шүгесіне дейін қалдырмай тәптіштеп айтып береді. Барлығымыз актерларды талқылап, әдемі шайды аяқтаймыз. Сол киноның ауылда хит болғаны соншалық, көрші әйелдер бір-бірімен ұрысса, Максимляньсың сен, сен Лоренасың деп айтатын. Сол кездегі қатты айтылған сөздер де сондай-ақ еді. Қазір ойланам, қайран "Рысбай видик" деп айтатын қайта оралмас бақытты сәттер аййй деп, қазір кино да көп, қоюшылар да көп, сондықтан болар көрерменде талғампаз болды. Көзі қарақты көрерменді жәй дүниелермен алдаусырата алмайсың...

Liked
188
comments powered by HyperComments