Әлеуметтік желі «арзан базарға» айналып барады...

 

Әлеуметтік желі «арзан базарға» айналып барады...

Кей елдер үшін, әлеуметтік желі - күрмеулі, күрделі проблемаларды талқылап шешетін алаң шығар. Бірақ, бізде әзірге олай емес. Оған мына кедергілер жол бермей, тұсау болып отыр:

* Сауатсыздық. Грамматикасы қате, сөйлем құрылысы ақсап жатады. Ойы шашыраңқы. Жүйе жоқ;

* Сараптама жоқ. Шынымен, жібі түзу, отыра қалып, құшырлана оқитын дүние аз. Жоқ емес. Аз.

* Қызықты дерек аз. Зерттеуге келгенде, бәріміз әлсізбіз. Жарты жолдан қайтамыз. Түсінем, Ф-бы ақы төлемейді, сосын, «жаныңды» қинамайсың.

* Тапсырмамен жазады. Әлем_желіде кейбір саяси тақырыптарды оқымай жатып-ақ, «саси» бастайды. Жауып қоя саласың, сосын.

* Ұран көп, бүйттік-сүйттік дегенді жиі айтамыз. Айтпасақ, тағы болмайды. Бұл жағынан, «пресс-сектер» алда тұр))) Негізі, есеп берген дұрыс. Сондықтан, болғанын қалаймын. Бірақ, көп емес.

* Ешкім, ф-быда «креатив» жасайық дегенге бас қатырмайды. Ондай пікірлер көбіне, семинар-тренингтерде айтылады не «Болашақпен» оқып келгендер арасында сөз болады.

 

... Ілік іздеп, кемшілік теріп отқаным жоқ. Себебі, бұл «кемшіліктерге» мен де жауаптымын. Жәй ғана, жақсы болсын. Сапалы контент жасайық, деген ғой. Айтпақшы, мұнда, қыздар Һәм әйелдер тақырыбы қисапсыз «лайк» жинап, елдің есінде қалады. Әзірге, ф-быдағы өтімді «тауар» осы! 

Пы-Сы: Суреттің жазбаға қатысы жоқ. Бір бауырымның үйіне барып, "Асарлатқанбыз". Анда-санда, бой жазып тұрған да дұрыс! )))

 

Liked
400