Ешбір адам әр секунд сайын өз жұмысын жақсы көруі мүмкін емес

Қарап тұрсаңыз өмір деген тым қысқа, өтеді да кетеді. Қазір жалындап тұрған жаспыз көзімізді ашып-жұмғанша бізге де кәрілік келері сөзсіз. Сол өмірдің ащы-тұщысын көрген қарт кісілердің өмірге қатысты айтқан ақылдары:
* Адамдар айтады: " Жақсы жұмыс дегеніміз- сіздің одан күн сайын ляззат алуыңыз" деп. Олай емес. Жақсы жұмыс деп сіз төзімділікпен қарай алатын және сіздің барлық материалдық шығындарыңызды жабатын жұмысты айтады. Ешбір адам әр секунд сайын өз жұмысын жақсы көруі мүмкін емес. 
* Жылдар көзді ашып жұмғанша өте шығады. Жастай үйленбеңіздер. Толыққанды өмір сүріңіздер! Көп саяxаттаңыздар! Ақшаңыз барма, жоқпа маңызды емес. Сөмкеңізді жинап өзіңіздің жағдайыңыз көтеретін жерге барыңыз. Балалы болмай тұрып, ақшаңызды әрнәрсеге, заттарға жұмсамаңыз. Әлемді көріңіз. Картаны қолыңызға алып тек қана алға!
* Өмірде ештеңені жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Қара жолақты кезеңдер мен үміт оты сөнгелі жатса да өмірлік қиыншылықтарға күліп қарауға тырысыңыз. Не нәрсе болсада бәрі уақытша. Естен шығармаңыз бәрі уақытша. Бұл да өтер..
* Дос деп сіз сағат түнгі екіде қоңырау шалып көмек сұрасаңыз бірінші келетін жанды айтады. Қалғандарының бәрі- жай ғана таныстар.
* Өмірдегі ең жақын адам ол сізбен өмірін бөлісуге келісетін жан. Ондай адамдарды бағалай біліңіздер! 
* Сіз балаларыңыздың қалай өскенін байқамай да қаласыз, сондықтан оларға уақытыңыздың көп бөлігін арнаңыз!
* Ешкімде әлі аз жұмыс жасадым деген өкінішпен өмірден өткен жоқ. Еңбекқор болыңыздар. Бірақ, жұмысты отбасынан, достарыңыздан әсіресе өзіңізден артық қоймаңыз.
* Сіз ұзақ өмір сүрерсіз, мүмкін қысқа өмір сүрерсіз. Ешкім білмейді. Бірақ, денсаулығыңызды жас кезіңізден бастап күтіңіз. 
* Бізге өмір бір-ақ рет беріледі. Бір күні ұйқыдан оянғанда жасыңыздың 60-тан асқанын және ешқандай арманыңыздың орындалмай қалғанына өкініп тұрмаңыз. Заттар ол тек заттар ғана. Материалдық дүниеге қадалып қалмаңыздар. Уақыт пен қазіргі сәтті бағалаңыздар. 
* Бүгінгі алған дене немесе жан жарақатыңыз сіз қанша толықтай жазылдым-ау дегенмен, қартайған кезде міндетті түрде өзін еске салады. Сеніңіз.
* Ешқандай себепсіз аналарыңыздың жағдайын сұрап жиі барып тұрыңыздар.
* Барлық төлемдеріңізді уақытылы төлеп, қарыздан аулақ болыңыздар.
* Қызғаныш қарым-қатынасты бұзады. Өміріңіздің 2-ші жартысына сенім білдіріңіз. Оған сенбегенде кімге сенесіз?!.
* Егер сіздің орындалмаған арманыңыз болса, онда сол арманды жүзеге асыруға тырысып көріңіз. Себебі адам қартайған сайын адамның армандарының да орындалуы қиындай береді.
* Сіз адамды бірінші рет кезіктіргенде, сіз ол адам жайлы ештеңе білмейсіз. Сіз тек оның ұлтын, жынысын, жасын, киімін көресіз. Адамдарды ұлтқа, категорияға бөліп қарауды санаңыздан шығарып тастаңыз. 


Аударған: Сымбат

Liked
428