Сен биіксің

Себепсіз сағынғаным үшін,

Моншақ сыр тағынғаным үшін,

Жүрекке бағынғаным үшін,

Кешірші мені алтыным?

 

Үздіксіз ойлағаным үшін,

Сезімге бойлағаным үшін,

Ұмыта қоймағаным үшін,

Түсінші мені жарқыным?

 

Сырымды ақтарғаным үшін,

Мұң болып сақталғаным үшін,

Таусылмас тәтті арманым үшін,

Кіналамашы сүйіктім?

 

Аялап жылатпағаның үшін,

Үндемей жырақтағаның үшін,

Төзімге тұрақтағаның үшін,

Сен мәңгілік биіксің!

429