Махаббатты табу - оңай, ал сақтап қалу - нағыз өнер

Бір кемпір мен шал 60 жыл бірге тату-тәтті өмір сүреді. Олардың арасында ешбір құпия болмайды. Тек аяқ киім салуға арналған қораптан басқа. Бірақ олардың отбасылық өмірінің ең басында бұл қорап туралы сұрауға, оны ашып қарауға болмайтынын кемпір ескертіп қойған болатын.

Бір күні кемпір ауырып қалады. Енді айығып кетпейтінін естіген шал, аяқ киім салынған қорапты оған әперіп, екеуінің арасында құпия қалып кетпеуі үшін, айтып беруді өтінеді. Кемпір келіседі.

Қорап ішінде екі кішкентай кестеленген бет орамал мен 25 мың доллар ақша жатады.

"Біз енді отбасын құрғалы жатқанда, анам маған күйеуіне қанша ызалансаң да өз өзіңді сабырға шақыр. Қатты ызыланған сәтте ұрсысып отырғанша, орамал кестелегің деп үйреткен еді. Мына орамалдар сол саған ызаланған шақта кестеленген", -деді кемпір.

Шал толқып кетеді. 60 жыл бірге өмір сүргенде, тек екі рет ызасын келтіргені үшін кеудесін бақыт сезімі кернейді.

"Мейлі, орамал жайын білдім. Сені тек екі рет ызаландырып, ашуландырыппын. Ал енді мына ақшаның сыры неде?" - деп сұрайды.

Кемпір күлімсіреп: "Бұл ақша кестеленген орамалдарды сатқаннан түскен пайда", -депті.)))

Қазақта "Сөз сүйектен өтеді", "Ашу - дұшпан" деген сөздер бар. Эмоциямызды қажетінде тізгендей алайық. Себебі, махаббатты табу оңай-ақ, ал оны сақтап, баянды, өміршең ету - нағыз өнер!

Liked
427