Микрофон ұстап жүргендердің барлығы журналист емес...

  692

Есімде, алғашқы тікелей эфирге 2001 жылы маусым айында шықтым. Менің форматым-жаңалықтар болатын. Өзімнің табиғатым, ресмилеу, \қатып қалған стилде\ қалыптасқан ғой, енді. Қайтейін... Сүйтіп, 1 апта тәжірибе-сынақтан соң, эфирден бірақ шықтым... Гүләйым Жанұзақова деген 1-ші санатты диктордың оң қолы болғаным-ау, себеп болған. «Отзывты» жақсы берген болуы керек, тікелей эфирге «гүмп» етіп, қойып кеттік. Содан бері, 16 жыл болыпты, эфирде түрлі жанрдағы жобаларды тізгіндеп келеміз. Шүкір деп қояйық!

Қазіргідей суфлер, компьютер дегендер атымен жоқ. Тықылдап, миды жеп қоятын машинкаға бәріміз ентелеп, жабысатынбыз. Студия ішінен борша-борша тер болып шығатынбыз. Эфирден емес, әлгі, «прожекторлардан». Радионың әңгімесі енді, бір төбе. Кейін, айтып берем...

Сонымен, мен үшін, эфир тізгіндеуден оңай дүние болмады. Келем, зырылдатып оқып берем. Бір күні ойланып отырсам, сараптама жағынан алшақтап бара жатқанымды байқадым. Сүйтіп, сараптаманы тізгіндеп, елге аптаның ең жілікті оқиғаларын жеткіздік. Бір байқағаным, телевизия саласындағы қызмет адам ағзасындағы тіршілік сияқты, өз ағысы, өз заңы болады екен. Бірлі жарым қателіктің өзі омақасы құлатуы мүмкін. Журналистің ішкі түйсігі осындай кем-құтық жерлерді дер кезінде анықтап, шара қолдануында. Қазір, жазу-сызуы келетін, түрі мен тілі сәйкес келетін сәтті «таңдалғандар» арамызда жетіп-артылады. Бірақ, арасында құр, микрофон ұстап жүргендерін мәртебе санайтындардар да аз емес. Әрине, ондайлар жүрісінен байқалады. Басты белгілері, несібесі \ жұмысы\ жерде болса да, аспанға қарайды. Талтая бастайды. Сын-пын дегендермен оларды шаруасы жоқ. Олардың өз «әлемі» болады. Бұларды, микрофон ұстаған «мәртебелілер» тобына жатқызамыз.
Пы - сы: Бәрін, бірден айтып қоймайын. Бұл, тек ғана, тұздығы. Қазір,эфирде дәрігер кейіпіндегі журналистпін. Бастысы, қай жерде де, принцип болу керек. Бірақ, мұны көзсіз, «мен білемдікпен» , «құр амбициямен» шатастырмау керек. Өзіміз өссек те, шығармашылығымыз бен ізденісіміз тоқтамайды. Тоқтатпаймыз, Құдай қаласа!

Liked
147
comments powered by HyperComments