Терроризм - тұтқиылдан ұратын арам, қаныпезер жау

Бұдан былай біздің қоғам қамсыз өмір сүре алмайтыны анық. Терроризм - тұтқиылдан ұратын арам, қаныпезер жау. 
Лаңкес бізді үркітіп ұстамақшы, ашса, алақанында, жұмса, жұдырығында болатын су жүрек етпекші. Олар үшін таптырмайтын қару - біздің енжарлығымыз. Соған жол беруге болмайды. Жиналайық! Оянайық! Салқынқандылықпен өз өмірімізге өзіміз жауап беретін саналы Азаматтық қоғам болатын кез осы, Отандастар!

308