Мен қалай арықтадым?

Жақында «ҚазМедиа» орталығының буфетінде кофе ішіп отырсам, қасыма бір апай келіп отырды. «Қызым, сенің түрің сондай таныс, менің жолдасымның сүйікті тележүргізушісіне қатты ұқсайсың», - деді. Әңгімеден әңгіме шығып, апайдың мен туралы айтып отырғанын түсіндім. «Қазақстан арнасында таңғы бағдарламаны жүргізетін Баян деген қыздың» мен екенін білгенде апайым қатты таңданды. «Қарағым-ау, сен қашан арықтап үлгердің? Жақында ғана көріп едік, толық едің ғой? Әй, осы қыз біраз азса қайтеді деп едім күйеуіме, ол осылай да әдемі деді. Өзіне жарасып тұр деді. Ақыры азыпсың ғой! Не іштің?», - дейді)) Біртүрлі болып қалдым. «Апай, азған жоқпын, камера 5-7 келі салмақ қосады» десем, сенбеді) «Үйдегілерге айтсам сенбейді, келші, суретке түсейік» деп, суретке түстік. 

Liked
424