СЕБЕБСІЗ САҒЫНҒАНЫМ ҮШІН ...

Себепсіз сағынғаным үшін,

Моншақ сыр тағынғаным үшін.

Ақылдан жаңылғаным үшін,

Кешірші мені, алтыным!?

Үздіксіз ойлағаным үшін,

Сезімге бойлағаным үшін.

Ұмыта қоймағаным үшін,

Түсінші мені, жарқыным!?

Сырымды ақтарғаным үшін,

Таусылмас тәтті арманым үшін.

Мұң болып сақталғаным үшін,

Кінәламашы, сүйіктім!?

Аялап жылатпағаның үшін,

Төзімге тұрактағаның үшін.

Үндемей жырақтағаның үшін,

Сен мәңгілік биіксің!

 

А.Бейсенхан 19.09.2014

410