Өскемен-экстрим: өмірдің өзі адреналин!

  690

Күз дейсіз бе? П-ф-ф-ф-ф... Ойнапсыз... Өскеменде 6 ай қыс! Қарашада қар жауады. Бет қарытпас аязы тағы бар.

Шығыстың жұрты ержүрек қой, негізі. Шарттылыққа бағынбайды. Қар астында күнделікті қазба жұмыстарын жүргізу сөз емес! Қазба жұмыстары нəтижесінде, өзгенің емес, өз көлігін тауып алса, тіпті бақытты! Егер еңбегі ақталып, қар астынан 45 минутта қазып алған көлігі ə-дегеннен кілттің күшіне бағына қойып, гүр ете қалса, одан асқан лəззат жоқ! Ал еңбегі ақталмай, ауа райы мен автокөліктің ата-тегін айналып болған соң шақырған таксиін 2 сағат күту тіпті сөз емес. Тек Шығыста ғана аязға байланысты такси қызметі ресми түрде бағасын 3 есе қымбаттатады. Яғни, таңертең терезеден далаға қарап отырады да, "О, баға көтереміз!", - деп шешім қабылдай салады-ау! Жарайды, оған да көнді Шығыс жұрты. Тек сол құрғыры дер кезінде келе қойса жақсы. Келмесе, -35°С аязда аялдамада кемінде 40 минут тұру сөз боп па? Тіпті сөз емес!

Қысқасы, өміріңізге экстрим жетіспей жүр ме? Қаныңызда адреналин қайнату мүмкіндігі болмай тұр ма? Онда Шығысқа келіңіз! Қызмет - су тегін! Ал адреналин артығымен қамтамасыз етіледі!

83
comments powered by HyperComments