Биылғы туған күнімнің ерекшелігі

Жеке мерекеңнің болғаны қандай жақсы))) Ақжарма тілектің барлығы сен деп ағылады. Шынайы жүректен шыққан сөздерді ести бергің келеді. Шіркін, 364 күніміздің барлығы осылай өтсе ғой))

Осы жасқа дейін туған күнімді Шымкент қаласында тойлаппын. Басқа қалада өтпеген екен. Ал, биылғы туған күннің ерекшелігі де осы шығар! Астанадамын.

18 қараша – аэропорттан басталды. Шымкенттен келетін заттарды күтіп алу. Кейін әріптестерге жаяр дастарқанның дәмін қарыштау. Осылайша,  түс болды.

Түскі ас кезінде барша әріптестердің ортасында отырып, әдемі сөздер естуге уақыт таба алмадым. Яғни, өз туған күніме өзі қатыса алмадым.

Есесіне, жиенімді ауруханадан шығардық. Аяғына жасаған ота сәтті шыққан еді. 10 күндік ем алған інімді үйге қайтарды. 

Кешкі алтыларда Айгүл Иманбаеваның «Актриса» қойылымын тамашаладым. Драмалық туындының жылататын жерлері бар. Еңіреп жыламасам да, көзден жас ақты. Жеке мерекемде екінші рет жылауым.Себебі, дүние есігін ашқанда жылаған болуым керек))

Оңтүстік өңірі аса суық бола бермейді ғой. Биыл Астанаға қыс ерте түсті. Қарашаның ортасына ауа – райы 30ºС-тан асты.

Көңілдегі жылулық  таусылмасыншы, бауырлар! Күн сайын жаныңыздағы жанның жүзіне қуаныш сыйлағыңыз келсе, ең болмағанда бір ғана жақсы сөз айтсаңыз жеткілікті. Жақсы сөздің жақсы энергиясы бар. Осынын естен шығармайық!

Айтпақшы, туған күнді өзім әлі тойлаған жоқпын))). Енді тойлаймыз)) 

Блогты туған күнмен бастаған екенмін, енді тағы туған күнмен жалғадым. Алдағы жазбамның жеке мерекеге мүлдем қатысы болмайды. Оқи жүріңіздер!

Liked
393