Ана тілім үшін, осы бір ән үшін...

  460

Кеше бір кездесуге барған едім. Көрші кеңседен бала кезімде тыңдаған әннің әуені естілді. Үйге қонақ келгенде, еттен кейін міндетті түрде музыкалық пауза болатын. Сол кезде осы ән жиі айтылатын. Ностальгияға түстім де кеттім. 
Сөйлесіп отырған адамнан 
- Ана жақта не болып жатыр, туған күн бе, той ма?- деп ұятты болса да, қызығып кеткен соң сұрадым. 
Күлді.
- Жоқ, бастығым қазақ тілінен сабақ алуда, -деді.
Сағат кешкі тоғыз болатын. Бастығы басқа ұлт өкілі. Бірақ әнге қосылып, шырқаған кезінде еш қазақтан кем емес. 
"Әрине, тіл үйренгені өзіне керек" деген тәкаппар, менмен ой жылт ете қалды. Бірақ сонымен қатар жұмыс аяқталса да, уақытын салып, білім алып жатқаны қатты ұнады. Оған тіл үйретіп жатқан үстазды танымасам да жақсы көріп кеттім. Ана тілім үшін, осы бір ән үшін. 
Оған қоса әкемді, асқар таудай әкемді сағынып кеттім. Ауылға барып қайту керек еді деген ой да келе қалды. Түйдек-түйдек ойларға батып, ішімнен сол бір әнді ыңылдап үйге қайттым.
Сіздер де бұл әнді білесіздер...
Жан едім өмірге еркін бойламаған,
Күн ертең не боларын ойламаған.
Шарықтааааап кетсем дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған?...

178
comments powered by HyperComments