#жақсыжігіт жоқ, бәрі ұсақталып кетті...

Бұл осы күні #жақсықыз -дың көбісі дерлік айтатын жалаң сөз. 
ФБ-дан бір жазу көрдім. Бір жігітке бірнеше қыз бірігіп телефон алып бермекші екен. Туған күні емес, басқа емес, олардың ойынша бұл жігіттің телефонға қолы жете алмай жүр, содан (адал ниетпен) көмектеспек ойлары. 
Көптеген ер азаматтардың әйтеуір бірнәрсеге қолы жетпейтін кез болады:
- Студенттік шақта сүйген қызын киноға апарып, оған балмұздақ, поп-корн, сусын алып беруге;
- Жүріп жүрген кезде гүл мен шоколад әперуге;
- Кафе, ресторанда отырғанда счетқа полный өзі төлеу салуға;
- Бір жаққа қыдыртуға т.с.с. түрлі-түрлі нәрселерге кейде мұрша болмай жатады. "Мұрша" дегенім сол баяғы ақша ғой. Біреу аз жалақы алады, енді бірі көбірек, бірі ата-анасына көмектеседі, бірі оқуын төлейді - жігіттің басынан не өтпейді, ақша жетпей қалғаны соншалықты ұят та емес шығар. 
Бірақ мен білетін бір ереже бар - бүгінгі қыдырысты қалтасы көтермесе, есі дұрыс жігіт жөні түзу "отмазка" тауып, ол кешке бармайды. Оны барғыздыратын қыз. Содан кейін айтатын әңгімесі: "МЕН ТӨЛЕЙ САЛАМЫН ҒОЙ"
Оу, сіңілім, көзіңді ашып қарашы, жанындағы еркек пе әлде мүсәпір біреу ме? Мен төлей салам деген не сөз? (мен қазір күйеу мен әйел арасындағы жағдайды талқылап отырғаным жоқ)
"Адам үш күннен кейін тозаққа да көнеді" деген бар ғой. Сол сияқты, бірінші, екінші мәрте жігіт жаман қысылса да, үшіншісінде жанындағы қыздың төлей салғанына бойы үйреніп алады. Басында қыз таптаған намыс енді мүлдем жоқ болып кетеді.
"Сен төлей салш!" немесе "Жартысын мен, екіншісі жартысын сен төлегің" дейтін халге жетеді. Неге? Себебі қыз оны осыған әдеттендірді. 
Бір балмұздаққа "жауап бере алмаған" еркектен ертең отбасына, қайсыбір проблемаға "жауап бере алмайтын" ез шығады.
Иә, жақсы қыздың ниеті таза еді. Бірақ қай кезде қашан болмасын еркек ЕРКЕК болып қалу керек. 
Ақылың бар болса, алтын қыз, жаның мың жерден ауырса да, ер адам алдында сумандап, әмияныңды ашып, өзің ақша төлемегің. Сатушы, даяшы кім болса да солардың алдында еркекті мүсәпір қылмағың. Сонда ұсақталып кеткен азамат жолында кездеспейтін болады.
ПыСы: фб-дағы жігіттің өзіне мына бәрімізді қосқанда қолымыздағы телефоннан асатын телефон сатып алуға мұршасы да, шамасы да, ақшасы да жетеді. Бірақ алмай жүр. Неге? Неге болғанда - бұл оның жеке шаруасы емес пе? Мүлдем телефонсыз жүрсе де, кімнің қай жері қисайып бара жатыр??? Бәрін, қыздар, құртатын өзіміз. ЕРКЕКТІ де...

 

Liked
313