Жизельге өмір сыйла! (Іштегіні өлтіргім келмейді 2)

Естеріңізде болса, «Іштегіні өлтіргім келмейді» (тақырыптың үстін бассаңыз, жазбаны оқи аласыз) деген тақырыпта тағдырымен алысып, аурухананың темір төсегінде өмір үшін күресіп жатқан 9 жасар қыз туралы жазып едім ғой. Жақында ұялы телефоныма анасынан хабарлама келді...
...Бізге мемлекет Үндістанда жүрек ауыстыруға квота бөлді. Қаражат клиникаға 10-15 күнде аударылады.Сіздерден көмек сұрап тұрған себебім:ол жақта біз 1-6 ай көлемінде боламыз. Естуімше, кем дегенде 10-15 мың доллар кетеді екен. Бір жағынан қызымды операцияға жіберді деген қуаныш тұрса, екінші жағынан қаржы мәселесі тығырыққа тіреп барады...
Баласы үшін бәйек боп, шырылдаған ананың жан айқайы сізге де естіле ме?! Мұндай жағдайды Алла ешкімнің басына бермесін. Баласының табанына кірген тікенді маңдайына тілейтін  ана үшін бұл – бір ауыр сынақ. Көп түкірсе көл дейді ғой?! Бір күн қымбат ресторанға бармай-ақ,  бір сәт көзді қызықтырған қымбат киімді кимей-ақ, бір күн өз нәпсімізді тыйып өмір сүре аламыз. Ал ешкім жүрексіз бір күн де жер басып жүре алмас еді. Құдайдың құдіреті, денесінің әр жеріне аппарат тоқтарын таңып, темір құрылғыға тәуелді болып, әлі де тіршілігін жалғастыруда бейкүнә бала. Ал ана ше?! Көз алдында баласының азапты күндерін көрген анаға ас бата ма?! 
Жанарынан өмірге деген құлшыныс байқалады. Харамдыққа бастар жолда ақшаны аямай шашамыз. Сауапты іске келгенде сараңдық танытпайықшы. Жизельге өмір сыйлау әуелі Алланың, содан соң біздің қолымызда. Білем, мұндай тағдыр өте көп. Дегенмен, ең болмаса біреуіне жәрдемдесейік.  

Қолұшын созам деген жандар үшін Жизельдің Qiwi әмияны осы: +7778 421 15 58

Liked
369