Қыста курткасыз қалдырған құрбым!

Түркістандық Тапаевамен ТЕЛЕАРНАДА таныстым. Ол кезде Нұргүл «Қазақстан-Шымкент» арнасының рухани астанадағы меншікті  тілшісі болатын. Тірлігі тиянақты, еңбекқор құрбым РУХАНИ орталықтан күн сайын ақпарат жіберіп отыратын. Кейін қызметін Шымкентке ауыстырды. Бұл ҚЫЗ қызық өзі... Жүрген жері күлкіге толы. Ешқашан жүзінен мұңайғанын көрмейтінмін. Үнемі проблемасы жоқ жандарша жүретін!!! Арасында тіпті кейде үйінде болған жайды айта жүретін еді))) Үлгі болсын дейтін шығар))) Жасы менен кіші болғанымен, екі баланың анасы. Шай барысында өткен кеткен қызықтарды айтып, қарқылдап  күлеміз. Осылайша, жалған өмірді күлкімен жалғап алар едік. Қиналғанда қол ұшын беретін. Сөз жәрдемі де жетерлік...  Өмір деген қызық өзі... 

Сондай қызықтың бірі есіме түсе қалғаны. 
Бірде жұмыстан кеш қайтатын болдым.  Тапсырма... Бітпеген жұмыс көп.... Кеш батқанда жүрек жалғап алу үшін дәмханаға шығайын дегенмін.  Қыс мезгілі... Сырт киімді (куртка) киіп шығу керек. Вешалкада жоқ))) Ары – бері іздеп, таба алмадым. Өзіммен өзім жынды бола бастадым. Орында басқа куртка. Бірақ ол маған шамалы үлкен. Біреу әтейі әзілдеп отыр деген ой келді. Сонымен, әріптестерімнің әлеуемттік желідегі чатына жазамын: менімен ойнап отырған кім? Қайтарыңыздар курткамды деп!

Сөйтсем, үйіне асыққан қызық қыз менің сырт киімімді киіп кеткен екен. 
Тырқылдап күлген дауысын аудиомен жібереді. Мен киіп кетіппін. Ренжімеш, әдейі істеген жоқпын деп ақталады.  Бәсе, мына курткам неге тар болып қалған деп, өзім аң-таңмын,- дейді.

Ол ол ма, үлкен куртканы киіп, дәмханаға барсам. Қызмет көрсететін қыздар маған күледі. Сіздің үстіңіздегі куртка өзіңіздікі емес-ау. Үлкен болып тұр деп)))

Болған жағдайды оларға айтып, тағы бір күліп алғанбыз)))

Сіздің өміріңізде да күтпеген қызықтар болып тұратын шығар?)

426