Бақыттың барына сенейік!

  1819

Ол - ешқашан туған күнін тойламаған! Есінде жоқ!  Қорғансыз, қараусыз, туғаны жоқ, туысы жоқ. 

Өмірі аянышты! Көшеде түнеп күнелтіп келді.  Құжаттарының жоқтығы, күн көруіне кедергі келтірді.  Жаны жомарт жандар адасқан тағдырға араша болды.

Бір кездері «Айтуға оңай»  Айдана Қошанованың тағдырын талқылаған болатын. Бүгінде бәрі артта қалды.  

Айдана қазір Астанада тұрады. Жалғыз емес. Сүйген жігіті Досжанға тұрмысқа шыққан. Өмірлік бақытын ол «Арман қаладан» тапты.

«Мен бақытты болуға қатты тырыстым. Мен бақыттымын деп ойлаймын. Рахмет сіздерге», - деп  Айдана айтуға оңай ұжымына алғысын білдірді.

Бақыттың барына сенейікші. Кейде барымызды бағаламаймыз. Күнделікті тіршіліктен шаршаймыз. Бәрін тастап, тыныштықты аңсап жатамыз. Бірақ, мынадай қиындықты бізге берсе, қалай жеңер едік?! Әрине, басқа салмасын.

Бірақ, шынында «Бақыттың барын» осы  бағдарлама  дәлелдеп бергендей. Өз өміріміз өз қолымызда емес пе?! Сіздер де бақытты болуғы лайықсыздар!!!

 

 

Liked
82
comments powered by HyperComments