Мейірім қайда барасың......

  2260

Кешелі бері Алматыдағы 11 жастағы Өркеннің өлімі ойымнан кетер емес..., Қоғам азды ма, жоқ әлде адам азған ба? Адамдарды танып білген сайын мен иттерді  жақсы көріп барам деген екен біреу, шынында да солай. 11-ақ жыл өмір сүрген Өркен бұл өмірде не көрді, ата-анасы не көрсетті?  бізде бәрі болып қойған соң өкінеміз, ешқашан алдын алуды қарастырмаймыз. Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған ғой, ертең сіздің болмаса жақындарымыздың баласына бір сұмдықтың болмасына кім кепіл?!  Ия қазір, заман қиын деп жатады, бірақ арыға бармай-ақ 1991 жылдары, қиын қыстау кезді бастан кешіргенде мұндай сұмдық болған жоқ қой, жылдан жылға қылмыстың саны мен азаптау қинаудың адам ойламайтын жақтары көбейіп барады. Әжетханаға тасталған бөпе, асфальт жолда басы жарылып көзін ашпай жатып, мерт болған шарана, 5 қабаттан анасы құлатқан бүлдіршін, педофильдер қатыгездік көбейіп, үдеп барады. Шарықтау шегіне жеткен шығармыз, енді қайда барамыз? Адамдар-ау мейірімді болайықшы, біреу құлап қалса, қолтығынан демеп, біреуді жұбатып, қоғамға бей жай қарамай, пайдамызды тигізіп жүрейікші. Әрқайсымыз бірінші өзімізді тәрбиелеуден бастасақ, ортамыз дұрысталар, өмірге адам боп келіп, адам болып кетейікші...

Liked
91
comments powered by HyperComments