Астаналықтар көшеде жылап жатқан нәрестеге көмек беруге дайын

  782

Бейкүнә бала... Безінген ана... Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаларды соңғы 2-3 жылда жиі еститін болдық. Біз де, сіз де, ести-ести етіміз үйренді.  Жаның ашиды. Аяушылық танытасың. Бірақ, одан не өзгереді? Жағдайдың ең қиыны шырылдаған шақалақта. Себебі, бүгінгі күнде қоқыс жәшік сәби бесігіне айналды.  Немесе оның орны – дәретхана, көше, үйдің іргесі, балалар үйінің босағасы, тізбектесек  саны көп...

Туған баласынан бас тартқандардың әрекетін қоғам қалай қабылдайды? Көшеде баласын қараусыз қалдырып кетіп бара жатқан ананың әрекетін көрсеңіз, не істер едіңіз?

Іңгәлаған дауыс.... Елемейді оны ешкім... Баласынан жеріген безбүйрек ананы тоқтатпайды енді ешкім... Байқаса да байқамай... Көрсе де көрмегендей өте шықты бәрі де... Бақыладық біз оны.... Әлеуметтің әрекеті осындай...

Баланы даладан тауып алды. Бірақ, ол шанадан түскен жоқ. Өз бөбегін өзекке тепкен  ана тастап кетті. Біреулері келіп көрді құндақтағы сәбиді.  Бірі - бетін ашты. Енді бірі бақытсыз баланы жұбатып әлек.

Бұл бөбектің жазығы жоқ, жанашыры көп.  Бірақ, тумай жатып, жөргегінде тұншықты.  Жазықсыз сәбиді жазым еткенді қоғам да қабылдай алмайды.  «Айтпағымыз, «Тастандылар» тағдыры  алаңдатад(ы) әрбірін.  Қасіретті қабылдау қоғам үшін ауыр сын. Шарасыз шарананы өгейсітпе, өлтірме!»,- деп. Көмек қолын созуға келгендер де табылды.

Тасбауыр анаға жол көрсетіп, бар ақылын айтар азаматтар да бар екен. Туған баласынан бас тартқандар үшін өмірдің сыны жеңіл болмайтынын жеткізгендер де кездесті. «Өз балаңды өлтірме!.. Өмір сыйла сен оған!... Обалы жоқ демегін... Қаржы керек болса егер, береміз біз көмегін!!!!

«Әлди, әлди баладан,

Тауып алған даладан.

Далада бала жата ма?

Түсіп қапты шанадан…»

 

Liked
135
comments powered by HyperComments