Ләззат Танысбай «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы болып тағайындалды

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма басшысы болып Ләззат Танысбай тағайындалды. Бүгін ұжымға жаңа басшыны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев таныстырды.

Ләззат Мұратқызы Танысбай еңбек жолын осыдан 26 жыл бұрын Ұлттық арнада журналист әрі жүргізуші ретінде бастаған. Ақпарат саласында мол тәжірибесі бар. 2002 жылдан бастап бірнеше жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. «balapan» телеарнасының ашылуына белсенді атсалысты. 2012 жылы «Астана» телеарнасына Бас директор болып тағайындалды және аталған арнаның көрермендерін көбейтіп, абыройын арттырып, ақпарат кеңістігінде биік белеске шығарды. Сонымен қатар, 2018 жылдан бері «NUR Media» холдингін бірге басқарды. «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Ербол МӘНДІБЕК

қайнар көз: https://kaztrk.kz/news/qogam/lazzat-tanysbai-qazaqstan-rtrk-aq-basshysy-bolyp-tagaiyndaldy-126687

74