Армандар орындалады...

Ұлттың үні болған қара шаңырақ - Қазақ радиосы мені бесікте тербетті, тербетіп қана қоймады, өзіне тәнті етті. «Алматыдан сөйлеп тұрмыз...» дегені жүрегімнің төрінен орын алды. Сауық Жақанова апайымыздың "Кешкі ертегісі", "Аталар айтқан асыл сөз" жəне вальс королі - Шәмші ағамыздың радио студиясында тұсауын кескен әндері мені алғаш тыңдарман емес дәл қазіргі "Қайырлы таң, қазақ елі!" - деп, сіздерді тәтті ұйқыдан оятып, радио шымылдығын ашар таңның алғашқы бағдарламасы тізгініне алып келді. Иə, армандар орындалады, мен оған сенем!

Liked
420