Әлеуметтік желі «хатшы қыздың» рөлінде...

        Шын айтам, солай көрінеді маған. Рахат өзі,  кім - кіммен, не істеп жүр? Қалай жұғысады? Досы, қасы, ағайын-туысы, өткені, бүгіні мен келешегі т.с.с. бәрін «сампылдап» отырады. Оған арнайы ақы төлеп, «хатшы қыздың» назарын аңдудың қажеті жоқ))) Лентаны бір сүзіп шықсаңыз, жетіп жатыр. Әрине, жүйкеңіз шыдаса...

       Әсіресе, инста әлеміндегі «хатшыларыңыз» тым белсенді. Бәріне үлгіреді. Той-томалақ, ду-думан...  Фыбыңа кірсең, толған «негатив». Ұрыс-керіс, дау-дамай... Небір «адвокаттар» мәселеңді май шаммен қарап, шешу керек болса, шешіп береді. «ВК»- ның да өз миссиясы бар. Анығы, өз «огороды» бар. Қысқасы, жастарға қызмет етеді. «ок» - «мок» тарға тоқталмай-ақ қояйын.

       Бірақ, пайдасы жоқ демеймін. Құрбы-құрдастарың, дос-жарандарыңды жиып, алдыңа алып келеді. Ол үшін, арнайы бас қосып, дастархан жайып, ас берудің керегі жоқ. Бәрі монитордың ішінде. Сүйтіп, сағынышыңды, мауқыңды виртуалды түрде басасың:

       Не дейміз, желідегі «хатшы қыз» аман болсын!

 

Liked
414