Менің қымбаттыларым!

Ұлттық арна блогтұғырында сіз бен біздің арамыз тағы  бір қадамға жақындап, пікір алмасуымыз жиілей түспек. Бұл мені қуантады! Менің көк жәшікке телміріп, сүйікті журналистерімнің жүзін көріп, олармен тілдесуді арман еткен кездерім әлі есімде..Арманды айта берсең көп қой)) Ал қазір ол заман өзгерген. Міне, қазір көрерменіммен бетпе-бет келіп, әңгімелесіп отырғандаймын. Ал екінші қуантатыны – ақ пен қараны ажырата алатын сауатты көрермендердің көбейгені. Олар кемшін келген тұсымызды айтып, сынай да алады, шынайы бірге қуанып, керек жерінде жылай да алады. Көрермен көзбояушылыққа көнбейді! Олар шынайылықты талап етеді. Ал шындық пен шынайылық қай қоғамда да жоғары бағаланған. Сондықтан да  көрермен – қымбатты. Менің қымбаттыларым! Әрбір көрерменімді дәл осылай атағым келеді! Ендеше, сол қымбаттыларыммен эфирден тыс жүздесетін жеріміз осы блогтұғыр болсын.  Келістік пе?!) 

Айтпақшы, біз әлі демалыстамыз. Өздеріңізбен қайта қауышатын күнді асыға күтудемін! Келесі жазбамды Еуропадағы саяхатыма арнағым келеді. Қарсы емессіздер деген ойдамын...

                                      

Liked
364