"Дара жолдың" жаңа маусымында тағдырлы кейіпкерлер көп болмақ

  567

1 тамыз. Демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күнім. Алматыда өткізген 20 күн артта қалды. Ананың ыстық құшағынан Арқаның қоңыр желіне оралдым. Астана жаныма жақындай түскендей ме, қалай? Тіпті сағыныса қауышқандаймыз...
Осында көшіп, арна басшысы Нұржан Жалауқызының қолдауымен "Дара жолды" бастағанымызға да 10 айдың жүзі болыпты. Зымыраған уақыт...
Жүрген жерімде қолымды қысып, "Дара жолға" көңілін, ризашылығын білдіріп жатқан көрермен, сізге мың да бір алғыс! Студияда отырғанда осыншама адамның ықыласына бөленеміз деп ойламаған да едік! Басты мақсат - кейіпкерді ашу, салиқалы әңгіме құрып, дара тағдыр иесін паш ету ғой біздікі. Сол ниетімізді, еңбегімізді бағалағаныңызға раxмет! 
Енді осы жолдан таймай, білек сыбана іске кірісу керек!
"Дара жолдың" жаңа маусымында тағдырлы кейіпкерлеріміз көп. Сан-салада еңбек еткен еліміздің бетке ұстар азаматтарының дара жолына бірге шығуға даяр болыңыз! Айтылатын қызықты оқиғалар, ақтарылар сырлар көп. Эфирде жүздескенше, айналайын ағайын! Сағындым сіздерді!

149
comments powered by HyperComments