«Лирикалық сағаттан» ләззат аламын

Менің жан-дүниемдегі арпалыстың емі – поэзия. Өлең мені жұбатады, жылатады. Маған тәтті қиял сыйлайды. Шабыт береді. Ол мен үшін – нағыз витамин.

...Күнделікті күйбең тірліктен шаршағанда Қазақ радиосынан Құралай Жұмаханның «Лирикалық сағатын» тыңдаймын. Серік Сейітманның да «Айдында жүзген ай сәулесін» жаныма жақын тұтамын. «Лирикалық сағаттан» ләззат аламын. Сан-саққа жүгірген санқилы ойды ұмытып, поэзия әлеміне енемін. Ол әлемде ешқашан тыңдаудан жалықпайтын, жүрегіме жақын әуендер де бар.

Менің өлеңге деген махаббатым шексіз. Мен поэзиямен кеше тыныстағам, онымен бүгін де, ертең де тыныстаймын. Нағыз махаббатта өткен шақ болмайды ғой.

 

P.S. Енді маған қандай сыйлық сыйлаймын деп бас қатырмайсыз. Жай ғана өлеңдер жинағын берсеңіз, қатты қуанып қаламан. 

415