ПАФОС ЕМЕС ПАЙДАЛЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ҚАУЗАЙЫҚ

Ұрыспаңыздар!!! Ұсынысым бар. Бірақ бәрі бір айтам. Соған бел будым. Әйтпесе болмайтын сияқты...

Меніңше «Қалың мал», «Қыз жасауы», «Күшік күйеу» немесе «Ене мен келіннің» қатынасы туралы жауыр тақырыптарды қаузауды қойсақ қайтеді...? Әбден мезі етпеді ме? Қай арнаның қай бағдарламасын алып қарасаңыз да шақырылған қонақтардың уәжі бір. Бірі қызылкеңірдек болып: «ойбу салтымыз, дәстүріміз»,-дейді. Кейінгілері: «болса болады да, заман басқа, қазіргі уақытқа лайықтау қажет, я түбегейлі қарсымыз»,-деп шығады.

Сонда деймін – ау: «мына бағдарламада жақсы айтылды, жалпыға ой салған болар»,-деп топшылаймын. Алайда жаңылысыппын. Басқа бағдарламада да сол баяғы сол маңыздағы «сөз соғысы» басталып кетеді. Енді дұрыс қой. Өзге не күтесің? Қорыта айтқанда, қояйық осыны.

«О, сынағыш бәлем, кім сынай білмейді»,-дегендерге әлімнің келгенінше көсілейін. Яғни сол тақырыптардың орнын мыналарға ауыстырсақ құптайсыздар ма?:

  1. Астың атауын естімек түгілі, түрін де көрмегендерім бар екен. Мен бақыттымын ғой. «Тілші, көріп білші»,-дегендей. Бір көрмеден көріп, көзім шығып кетті. Студияны сондай ұмытылған ұлттық тағамдарға толтырсақ.
  2. Интернет дәурені ирелеңдеп еніп келеді. ІТ-мамандар қажет. Ландшафт дизайнері деген шықты. Айтпағым, таңырқай қарайтын мамандықтар тізімін жіпке тізіп, кәсіп иесін көрсетсек... Себебі заңгер, экономист, финансист дегендердің әлі «деп» жүргендері көп.
  3. Қалғанын кейін жалғастырамын. Басым ауырып кетті әбден ойланып.

Айтпақшы көретін сіз бен біз емес пе? Тізімді бірге толтырайық!

 

 

Liked
413