Өзімнен де бар

  568

-........

-Айдын

-кіім?

-Айдын

-Қызық екен...Негізі ұлдың аты ғой иә?!

-Аа..ерекше екен, көп кездестірмеппін (көңілге қарап)

Осылай басталады таныстықтар. Бұрынырақта біртүрлі болып, ата-анама сәәл-пәл ренжіп қалатын едім (қазір ренжімеймін, олар не айтса да, не қылса да мен үшін заң. Көп әрекеттерім өзім қалағаннан емес, соларға ұнағаннан. Ата-ананың қадірін алыста жүргенде, есейген шақта түсінесің ғой, жалпы).

Қазір үйрендім.

Расымен, неге Айдын? Туғанда ұл бала сияқты болыппын (өзімнен де бар). Басты себеп - сол. Содан атын естігендер не қыз, не ұл екенін білмей жүрсін деп әкемнің әпкесі қойыпты.  Рас, ұлға бергісіз бала болдым

Қазір атым ұнайды (25 жылда үйреніп те кеткен шығармын) Байыбына барсаңыз, мағынасы да жоқ емес. Жақындарым балаларына ат қоярда атсаласып, атсалысқым кеп, шыр-пыр бо(лы)п жүретінім бар бірақ әлі де. Солай...

Есімімнің тарихы осы, құрметті таныс, бейтаныс, көзтаныс жандар!  

Журналистикаға қалай келдім, алғашқы жұмысым немесе өмір деген ақ пен қара, т.с.с тақырыптардан ауытқып, атым туралы жазба салып жібергенім үшін кешірім сұраймын. Бұл мәселе кейінірек.

(Суретте "ұл" боп жүрген шағым)

Liked
140
comments powered by HyperComments