Сәулет өнерінде қазақи бағытты ұстауды мақсат тұтқан азамат!

101,4 ФМ толқынын елордамыздың кең көшелерінде келе жатып қосып қалсаңыз, "Ең таңдаулысы сен үшін!"- деп ақпарат тарататын "Астана" радиосын тыңдай аласыз. Осы жиілікте әрбір жексенбі күні сағат 16:20-да шығатын "Азамат асуы" деген хабар бар. Бұл бағдарламаны ашудағы басты мақсат, бүгінгі қоғамда өз саласында үздік болып жүрген азаматтарды насихаттау. Басын ашып бірден айтайын, жалпақ тілмен жарыса мақтаудан аулақпын. Ұстаным мүлде бөлек. Ақпарат нарығында (сайт, газет-журнал, радио мен телеарналарда) үнемі бірқатар адамдар шоғырын жасап алып, сол азаматтарды қайта-қайта "эксклюзив" қылып халыққа таныстыру көрініс табады. Ал біздің бағдарламада құр сөзбен көсем болмай, нақты іспен елге еңбегі сіңіп жүрген қарапайым жандар жайында айтамыз. Осы демалыста архитектор әрі өнертапқыш Асхат Бәкірұлымен таныстырамын. Қазақы қалыптағы сәулет өнеріне өзіндік үлес қосып жатқан азаматтың өмірі мен өнері, алға қойған асқақ армандары қандай? Мұны 7 тамыз күні біле аласыздар.      

Liked
368