Фотограф боламын дейтінмін...

Мен негізі фотограф боламын дейтінмін. Үйде «үлбір пленкалы» фотоаппарат бар-тын. Әлгінің 36 ғана кадры болатын, естеріңізде шығар. Қазіргідей кең-молынан түсіре алмайсың ол кезде :). Сол кадрларды отбасылық  қуаныштардан бөлек, тынымсыз ауыл тірлігін, жусаны жайқалған қырды, қызыл шырайланып батқан Күнді, мінезсіз аққан Тоқырауын өзенін, алыстан мұнартқан Жел тауды, т.б. түсіру үшін «бөлісуім» керек. Мұның қаншалықты қиын екенін білесіздер ме?!

Содан бір күні әпкем оқуға түсетін болып, кешкі ас үстінде әкем менен де келешекте  кім болғым келетінін сұрады. Ол кезде 5-6-сыныптарда оқимын, шамасы. Ойланбастан, фотограф, дедім.  

«Фотограф – абыройсыз мамандық қой. Журналистиканы ойланып көр, оның үстіне Титекең атаң (Тілеубай ата) сияқты ептеген шешендігің де бар»,-деді.  (Сол шешендік қайда екен қазір)) )

Папамның айтқаны – заң. Әрі бір нәрсеге қатты көңіл бөлсең, соған қатысты сәйкестіктер кездесе беретіні бар ғой.  Қабдеш Жұмаділовтің «Атамекенін» оқып жүргем. Роман кейіпкері Ақжанның ауылға журналист болып келген баласы туралы аз-кем айтып өтеді.  Сол болмашы ғана үзінді есімде қалып қойды.

Мектепте мұғалімдерім де, сыныптастарым да сабақ айтысыма қарап (жаттап алатын болсам керек :), «журналистиканы таңда», дейтінді шығарды. Ақыры, БЕЛГІ болар деп шештім.

Менің бұл салаға келудегі СЕБЕБІМ осы).

Liked
433