Бүгінім-өмірім 

«Сусыған сынаптай уақытым өтіп жатыр» дейміз... Негізі  уақыт емес, біз ғой өмірден өтіп бара жатқан. Сәл кідіріп, ойланайықшы,  кешегі күніміз  келмеске кетті. Ал ертеңгі күннің парақтарында  бармыз ба, жоқпыз ба ол бізге беймәлім. Сондықтан  біздің бар байлығымыз- бүгініміз.

Байқасаңыз, барлығы бүгінімізден басталады.  Бүгін  бір істі  бастаймыз, бүгін жаңа адамдармен танысамыз,  бүгін болашағымыздың бағдарын белгілейміз, бүгінімізді өткенімізден өзгеше етуге барымызды саламыз, бүгін... бұл тізбек әрі қарай жалғаса берері анық... Бүгініміздің  әр секунды  қымбат. Бұл өмірге екі келмек жоқ болғандықтан болашақтың бедерлі белестерін бағындыруды бүгіннен бастайық...  Себебі, бүгіннің бос өткені- өмірдің бос кеткені. 

495