Ти десем....?!

Келісті кескін. Әдемі пішін. Сұңғақ бой...тізе берсең көп. Сұлулық үшін сұмдық күрес жүріп жатыр. Орысша айтқанда, «каждый по-своему сходит с ума». Үрілген еріндер мен керілген қастар. Қазіргі қыздардың бәрі әдемі. Бірінен бірі асып тұр. «Әдеміліктің көптік етпейтіні» де бар. Бірақ, сол үрілген еріндер анааау жұмбақпен сәйкес келер ме екен?! Жалпы пластикадан кейін не болады?! Егер сізге табиғат сұлулығын сыйламаса, не істеу керек?!

Before/after деп «+»/«-» -ын жазайын. Шағын ғана зерттеу деп қабылдаңыз. 
1.    Ең алдымен табиғи болмысыңыз бүлінеді. Әрине, егер табиғилықты сүйетін жан болсаңыз, бұл үлкееен «-». Сөздің шыны керек, қазіргі қыздардан табиғилық түк байқалмай барады. 
2.    Құрамы кремний мен оттегіден тұратын силикон сізге әп-сәтте сұлу болуға көмектеседі. Аз уақыттың ішінде айнадан өзіңіз қалаған аруды көре аласыз. Бұл, меніңше, «+».
3.    Ота жасамай-ақ, түрлі инелердің көмегімен жиырылып қалған бет терісін жазып, әжімдерден арылуға болады. Өңіңіз жасарып, тартымды түрге ие боласыз. Бұған мен айтпастан өзіңіз де «+» қояр едіңіз.
4.    Рестилайн көмегімен жарылғыш ерніңіз қалпына келіп, құрғақтығымен күреседі. Егер ерніңіз ассиметриялы болса, бұл әдіспен қалауыңызға қол жеткізе аласыз. «+»
5.    Шекті білген жөн. Артық қылам деп, шамадан тыс кету ерінді қызанақ қылады..Оны қалпына келтіру оңай емес. Беттің жүйке клеткасы зақымдануы мүмкін. Ендеше «-».
6.    Сырты сұлу болғанымен үрілген еріндер уақыт өте қауіпті ісік тудыруы қаупі бар. Сосын олар сезу қабілетін жоғалтады. «-»
7.    Қас та біз үшін маңызды. Ол арқылы ренжу, таңқалу, түсінбеу сияқты сезімдерді жеткіземіз. Сондықтан оның да келісті болғаны жақсы. Кейде күнделікті күтімнен, бояудан шаршайсың. Ассыққанда үлгермейсің – «-». Қазір татуаждың түрі көп (теневая растушевка, волосковый,  3d, 6d, перманентті татуаж). Әдемі әрі шынайы түрін таңдай білсеңіз, таң ертеңімен қасыңызбен алыспайсыз. Суда да, үйде де, түзде де сұлу қасыңыз сақталады. Оған «+» дейік. 

Шетелде идеал болам деушілер көп. Мысалы, француздың қуыршағына ұқсағысы келген жапониялық модель жылына 102 мың $ жұмсайды екен. Эхнатонның Нефертитиіне айналуды көздеген Нилин Намита есімді әйел 51 рет пластикалық ота жасатқан. Ал тірі қуыршаққа айналғандардың тізімі көп. 

P.S. Айтпағым, сұлу болу үшін ақыл-естен айырылудың қажеті жоқ. Әйелдің бәрі әдемі! Қыр мұрын, қиғаш қас, қолаң шаш, әрине, әдемі ерін....ммм-ммууааа! Иә, жай ғана «ммм-мууаааа!»
 

349