Кешірімді жүректің иесінен

Осы кісіні ерекше құрметтеймін. Жанарынан жігер, намыс, қамқорлық, жанашырлық, өзгеше бір мейірім байқалады, кәсібіне адалдығы анық көрініп тұрады.

Біржанның кездесуінен кейін Риодан тікелей берген сұхбаттарының бірінде қатты ренжіп, сөйлеп қалды...қанатының астындағы ұлдың халықтың сенімін ақтай алмағанына налыды. Мұнысы Біржанды екінші қайтара "сөзбен құлатып" жатқан халыққа "Сіздер не десеңіздер де, көтереміз" дегеніндей сезілді.

Спорттың жолы расымен қиын. Бұл жолды әркім өзі таңдап келеді. Бірақ, жеңіс пен жеңілісті таңдамайды. Ол - жылдар бойғы еңбектің минуттар, секундтар ішіндегі көрсеткіші. Кейде баппен, кейде бақ боп келеді.

Сүрініп жатқандарды кешірмейтін біз кімбіз?! Медаль алған жақсы да, сол жолда барын салған неге жаман?! Айтпақшы, Біржан бүгін баршаңыздан тағы да кешірім сұрады.

434