Адам - ұрпағымен мықты, ағаш - діңгегімен мықты

Мына менің қолымдағы алманың дәмі тіл үйіреді. Иә, иә, күн нұрына қанып, ата-анамыздың ерекше көңіл бөліп баптауымен, қамқорымен жайқалып өскен қымыз иісті алманың тәтті дәмі көпке шейін аузыңнан кетпей қояды. «Адам - ұрпағымен мықты, ағаш - діңгегімен мықты». Біздің бойымызға әке-шешеміз бар адами жақсы қасиеттерді қалай дарытса, бұл ағаштардың да жайқалып өсуі үшін тер төкті. Ендеше, шексіз мейірім, махаббатпен бапталған жемістің дәмді болмауы әсте мүмкін емес. Сондықтан әр жыл сайын осы алманың піскенін асыға күтеміз. Ардақты ата-анамыз әр баласына, тіпті немерелеріне арнап, үлкен үйдің жанына осындай алма ағаштарын егіп қойған. Бүгінде олар да бізбен бірге тамырын тереңге жайып, жыл сайын жемісін береді. Бір қызығы, маған арналған ағаштың алмасы тамыз айында, ал бауырымның алмасы күзде піседі. Осылайша, ерекше есте қалар биылғы еңбек демалысымда хош иісі мұрын жарар алма ағашының саясында алаңсыз, балғын бала күндерім еске оралып, бақытқа бөленіп жүрмін.

 

 

 

395