Махаббат

  396

Байқамастан сезімімнің себебін,

Жанымды ыстық мейірімге бөледім.

Өкпеледім, жек көремін деп жүріп,

Жақын тартып, жақсы көріп келемін.

 

Көңілдегі нұрландырса шырағым,

Сабыр етіп бар-жоғыңа шыдадым.

Өз мұңым мен өз қайғымды ұмытып,

Тәңірімнен саған бақыт сұрадым.

 

Ақтолқындай асып жатқан арнадан,

Мінезіме қарайтұғын паң ғалам,

Өр намысты , кекшіл жанның бірі едім,

Кешірімшіл болғаныма таң қалам.

 

Беу дүние тағдырыма қайранмын,

Қалай ғана бір жүрекке байландым.

Күлімдеген мәңгі жасыл көктемдей,

Махаббаттың құдіретінен айналдым.

Liked
114
comments powered by HyperComments