Мен неге жаяу жүргіншілерге арналған жолда жүгіруім керек?

Түсінбеймін, жүргізушілер, жаяу жүргіншілерге арналған жолда асықпай жүрсем, неге ашуланасыздар? Жоқ, оны біз үшін қойды емес пе?!

Өткенде бір ағай темір тұлпарынан басын шығарып алып, небір сөздерді айтты. Тіпті, айтпағаны жоқ. Мән бермегендей болып өтсем де, жаның ауырады екен. Менің орнымда анасы, қарындасы немесе кішкентай қызы болса, қайтер екен?

«Өзің мәшине алғанда түсінесің?», дейді достарым. Ай, қайдаааам?

Әлде көлік алып алсам ба екен (түсіну үшін)?..

 

ТҮЙІН: Біз қайда асығамыз? Бір ғана сәт – біреу үшін шексіз бақыт, біреу үшін қайғы, біреу үшін өмірмен арпалыс, біреу үшін мүмкіндік, біреу үшін соңғы дем... Сабырлы болайықшы!

Liked
421