M.Zhumageldikyzyтың блог

Арыңды сатып алысқа бармайсың

 

        «Барлығы тұрмысыңа тәуелді». Осы сөзді жиі айтушы едім. Қателестім-ау шамасы. Әмиянымды өрмекші торлағалы біраз болды. Десе де өмірім өз қалпында.

        Бір сәт айналама көз тастадым. Көп адамның көксегені көк қағаз. Тіпті, өмірге сол үшін келгендей тырмысып жатыр. Бірі малын, бірі арын, бірі жанын сатып, қолына кір жұқтыруға асық.  

        Егер аяғын алшаң басып, жылтыр киім киіп, өмір ескегін еркін есіп жүргендерді көргенде осылардан асқан бақытты жан жоқ шығар деген ой кедейліктің кермек дәмін татқандардың санасын түртпей қоймайды. Шын мәнін де солай ма? Жер бетінде ең бақытсыз жан кім десе, арын сатып, арманына жеткендер дер едім. Бірақ олардың өздеріне берер бағасы биік. Шын мәнінде шырылдауық шегірткенің күйін кешіп жүргенін білсе де, мән бергісі келмейді.

        Осындай адам арының бағасын түсіретін зымияндардың басына ақ құйып шығарып салсаң ғой, шіркін...