Тек үміттерің үзілмесе екен...

Күнделікті адаспай келетін жұмыс орным. Əр таңым 100% жүйелі болып кеткені соншалық, бүгін бір сəтке тоқтап өзіме сырттан қарап едім жағамды ұстадым.  Барлық іс-əрекет санама құйылып қойғандай. Айналама мəн беруден қалыппын. Құдды бір робот сияқты. Бірақ, 29 тамызда өзгеріс болды. Бүгін  медиа орталықтың кіре берісінен екі жас баланы көрдім (1 қыз, 1 ұл). Түрлерінен "Астанада жұмыс бар деген құр сандырақ" деген жазу анық оқылады. Қолдарындағы түйіндемелерін іштегі БАҚ өкілдерінің кадр бөлімдеріне өткізбек ниетте. Тек оларды шен таққан қызметкерлер кіргізбейді. Поштаға салсаңдаршей, неменеге келе бересіңдер,- деп зірк етті. Ой аға, салдық қой қанша рет, төбедегілерге жетпейді ғой деймін, қолдарына ұстатып көздеріне қарамасақ болмайды,- дейді олар. Ойлары іске аспай қайтты ақыры. "Аукцорсинг дегендер қайда екен, тым болмаса соларға барайық, кешкі автобусқа дейін уақыт бар,-  деп бір бірін жұбатқан жандар қол ұстасып кете барды. Арман қалада қатар жүріп қызмет етеміз деп серттескен ғашықтарға ұқсаттым. Бойлары сымбатты, сөздері салмақты, шаруа тапсырсаң тап тұйнақтай орындай алатындарына мен кепіл. Ары бері жүріп əбден шаршаған, əлде шарасыздықтан ба, əйтеуір  жүздері мұңды. Журналистиканы таңдағанда тап осылай боларын білмеді ме? Олар күн бата қай жаққа жолға шығады? Қолдарын бір сілтеп басқа салаға кетеді ме? Кім білсін. Тек үміттерің үзілмесе екен... P.s: "Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?!"

Liked
421

Пікірлер

N.Ygyl'ның сүреті

Түйіндемелерін кадр бөліміне апарып бермедің бе? Үміттерін үкілеп...